Online

«Тарих тағылымы» хабарымен өткенге оралыңыз

Еліміздің басына түскен нәубат жылдарды еске алсақ жанымыз сыздайтыны белгілі. Қызыл империяның боданында болған қазақ халқының басынан талай ауыр сынақтар өтті. Ұлтымыздың зиялы қауымын бірінен соң бірін қудалаудан кейін, қазақ даласы аштық жамылды. 1931-1933 жылдарды Ұлы жұттың ұлт санасында сақталғанына биыл 90 жыл. Ал Атырау облысында репрессия жылдарында бес мыңға жуық дін қызметкерлері жазықсыз жазаланып, жер аударылғанын бірі білсе, бірі біле бермесі анық. Осы мақсатта Атыраудағы Халел Досмұхамедов атындағы университеттің профессоры Шахман Нағимов саяси-қуғын сүргін жылдарында қудалауға ұшыраған діндар азаматтар туралы тың деректерімен бөлісті. 
 
«Тарих тағылымы» хабары демалыс күндері сағат 20:00-де Azan radiosy толқынында. 

Архив программы