Online

Құрылтайшы

Атырау облысы әкімдігі Дін істері басқармасының мемлекеттік тапсырысы аясында аймақта алғаш рет «Азан» интернет радиосы іске қосылды. «Азан» интернет радиосы «Атырау life» қоғамдық қорының үйлестіруімен 2023 жылдың 4 қыркүйегінен бастап эфир таратуда. Қордың құрылтайшысы - Жұмағалиева Жаннат Қанатқызы
 
Атырау облыстық «Иманғали» мешітінде орналасқан радиостанцияның бас редакторы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, журналист - Жұмағалиева Жаннат Қанатқызы. Радионың қызметіне онға жуық кәсіби білікті ақпарат саласының мамандары тартылған. Шығармашылық ұжымның құрамында радиохабарларды әзірлеу бойынша тәжірибелі журналистер, радионың бейнелеуші құралдарын дайындау және эфир тарататын дыбыс режиссерлары, радионың YouTUBE арнасын жүргізуші бейнетаспагер, әлеуметтік желідегі парақшаларға, сондай-ақ ресми сайтқа жауапты PR & SMM қызметкерлері тартылған.
 
«Азан» интернет радиосының жұмысын реттеу, қаржыландыру және ақпараттық саясаты туралы бекітілген нормативтер ашық дереккөздер негізінде қолжетімді (жүктеу)
 
«Атырау life» қоғамдық қорының жарғысы (жүктеу)